Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылдың басынан бері облыстың су айдындарында 10 адам қаза болды. Оның ішнде жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде 10 адам суға кетті, оның 6-ы бала. 2 адам ғана құтқарылды, - дейді Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Төтеншеліктердің айтуынша, су айдындарында адамдардың қаза болуы ата-анасы тарапынан баланы бақылаудың болмауы себебінен – 5; алкогольдік мас күйде суға шолмылу салдарынан – 3; балық аулау кезінде – 1; абайсыздықтан – 1 факт кездесіп отыр.
Биылғы жылдың 4-8 шілдесі күндері аралығында ауа температурсаның жоғарылауына және қала тұрғындарының жаппай суға шомылуына байланысты облыс аумағындағы су айдындарында 6 жағдай тіркелді. Суға батқаны 6 адам, оның ішінде 4 бала қаза болды.
zhaikpress.kz