10.12.2021, 10:50
Оқылды: 43

Батыс Қазақстанда тәуелсіздік жылдары 162 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Батыс Қазақстан облысында тәуелсіздік жылдары 162 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Исатай Мыңбаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткендей, осы кезеңде жұмыспен қамту органдарына жолыққандар ішінен 186 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Соның 100 мыңы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

27 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылса, оқу орындарының 21 мыңға жуық түлегі ақылы жастар тәжірибесінен өтті.

Сонымен қатар кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 22 мыңға жуық адам жіберілді.

И.Мыңбаевтың сөзіне қарағанда, тәуелсіздік жылдарында экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 51,3 мыңға өсіп, қазір 338,4 мыңға жетті (1991 жылы – 287,1 мың адам).

Жұмыспен қамтудың тетіктерін іске қосу нәтижесінде облыста жалпы жұмыссыздық деңгейі 10,8 пайыздан 4,9, жастар арасында 3,8 пайызға дейін (1991 жылы – 26,1 пайыз) төмендеді.

«Ауылдарда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 8 мыңға жуық несие, сондай-ақ жұмыссыздардың бизнес идеясын іске асыру мақсатында 5 мыңнан астам адамға қайтарымсыз негіздегі мемлекеттік гранттар берілді. Өңірде халықты жұмыспен қамту бағытындағы іс-шаралар одан әрі жалғасуда», деді И.Бекесов.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале