14.07.2025, 9:00
Оқылды: 162

Батыс Қазақстанда жастар арасында «MediaCup2025» турнирі жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында футболдан жастар арасында алғаш рет ұйымдастырылған «MediaCup2025»турнирі өз жалауын көтеріп, тартысты кездесулермен жалғасуда.

IMG_7946

Биыл тұңғыш рет қолға алынған бұл бастама өңір жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, аудандық және қалалық командаларға өз шеберлігін көрсетуге тамаша мүмкіндік беріп отыр.

IMG_7943Аталған турнирге 12 аудандық команда мен 4 қалалық еркін құрама қатысуда. Маусымның 27-жұлдызында турнирдің ресми ашылу салтанаты ұйымдастырылып, сол күні қатарынан екі матч өткізілді. Алғашқы кездесуде Бәйтерек ауданының жастары Сырым командасын 4:0 есебімен жеңсе, екінші матчта Шыңғырлау құрамасы №38 мектеп ұстаздарынан құралған команданы 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Турнирдің келесі ойындарында төмендегідей нәтижелер тіркелді:
- Тасқала – Ақжайық: 3:0
- Қаратөбе – Мәдениет Орал: 0:1
- Жәнібек – Бөкей ордасы: 3:1
- Теректі – Үміт: 0:2
Әр матчтан кейін ерекше көзге түскен, шеберлігімен жанкүйерлерді тәнті еткен ойыншыларға арнайы «Матчтың үздік ойыншысы» номинациясы табысталып отырады. Бұл, өз кезегінде, жастарды жігерлендіріп, доданың деңгейін арттыра түсуде.
Алдағы аптада 1/8 финалдық кезеңінің шешуші ойындары өтеді. Онда: Жаңақала ауданының жастары – Казталов ауданы құрамасымен, Бөрлі ауданы – БАҚ өкілдерінен құралған «ФК Медиа» командасымен келесі кезеңге жолдама үшін таласқа түседі.
«MediaCup2025» турнирі жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, өңірлік футболдың дамуына серпін беретін, жастардың басын спорт алаңында табыстыратын маңызды спорттық шараға айналады деп күтілуде.

 

IMG_7944
Айта кететін жайт, аталмыш турнир Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, “Жастар рухы” жастар қанатының Батыс Қазақстан облысы филиалының ұйымдастыруымен өтуде.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале