Warning: session_start(): open(/tmp/sess_0bbijaivdlgp03lmm7ogb55ehs, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Батыс Қазақстанда жол апатынан 16 жастағы қыз қаза тапты - официальные новости ЗКО
26.05.2025, 18:00
Оқылды: 256

Батыс Қазақстанда жол апатынан 16 жастағы қыз қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау жолында бір отбасының мүшелері жол апатына ұшырады, - деп жазады kaz.inform.kz.

348f8784-5f17-4ef5-8d3b-4d3764369a1b

Сурет: kaz.inform.kz

Оқиға 26 мамырға қараған түні болды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен алынған алдын ала мәліметке қарағанда, жеңіл көлік аударылып қалған.

Оқиға орнына шұғыл түрде Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық дәрігерлік амбулаториясынан және Тасқала аудандық медициналық жедел жәрдем станциясынан бригадалар жіберілді.

— Жол апаты салдарынан 2009 жылғы қыз жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Тағы бес адам түрлі дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінді. Олардың бәрі де — бір отбасының мүшелері, — деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале