17.12.2025, 17:45
Оқылды: 5

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында үш адамның өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды, - деп жазады kaz.inform.kz. 

Полиция ЖП

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 желтоқсан күні сағат 20.30 шамасында Бәйтерек ауданы Володар ауылынан 2 шақырым жерде болды.

Аудандық маңызы бар Орал-Кирсанов жолының 14-шақырымында 1989 жылғы жүргізуші «KIA K5» автокөлігінің руліне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Содан кейін 1974 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-2104» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген.

Жол апатынан «ВАЗ-2104» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте отырған тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

- Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. «KIA K5» автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале