20.04.2025, 12:30
Оқылды: 719

Батыс Қазақстанда жүк көлігі жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында қырғызстандық азамат айдап келе жатқан жүк көлігі өртенді.

b3e548c1-e87f-4052-a168-8ff862f590a0

Фото: Тұрғындардан келген фото

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 18 сәуір күні Сырым ауданы аумағында болды.

Самара-Шымкент күре жолының 352-шақырымында жүк көлігінің тіркемесі мен кабинасы отқа оранған.

— Шаруашылық тауарлары мен тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі Алматыдан Уфа қаласына бара жатқан. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы, келтірілген шығын анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале