Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген жырын бәріміз мектеп оқулығынан-ақ оқып өстік. Ал осы құсбегілік өнері Қазақстанның шығысындағы таулы өңірлерде, Жетісуда және моңғол қазақтарында ғана болған ба? Өзге өңірлер ше? Тарихқа қарасақ, қыран құс баптап, саят құратын өнер көшпелі түркі тектес халықтардың бәріне тән екен. Жазба деректерде Жошы ханның 3 мың бүркітшісі болған екен дейді. Ал белгілі саяхатшы Марко Поло өзінің жолжазбасында Шыңғыс ханның немересі Құбылай ханның «қасқырға, түлкіге, киікке салатын арнайы бүркіттері бар екенін», «қандай үлкен қасқырды да алмай қоймайтынын», «саятқа шыққанда өзімен бірге 10 мың қаршыға, 5 мың сұңқар, сансыз ителгі мен тұйғын алып шығатынын» жазып қалдырған.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №55 санындағы танымал журналист Қазбек Құттымұратұлының «Батыс Қазақстандағы құсбегілік» атты мақаласында.
zhaikpress.kz