27.09.2023, 12:30
Оқылды: 33

Батыс Қазақстанның 60-70 жылдары қол жеткен табысы қандай?

КОКП Орталық Комитетінің 1965 жылғы наурыз пленумы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарттарын белгіледі.

жп дала
Осы бастамаға жұмылдырылған облыс еңбекшілері ХХ ғасырдың 60-70 жылдары бірнеше жетістікке қол жеткізді.

Айталық, облыста ауылшаруашылығы өнімдерінің дамуы 27,5 пайызға артып, осы аралықта облысқа 12 938 трактор, 3 500 комбайн, 3 612 культиватор, 11 801 дән сепкіш, 6 6 208 соқа, 5 407 жүк машинасы әкелінген.

Осы тұста облыста мелиарацияға қатты көңіл бөлінді. Нәтижесінде Орал-Көшім каналы, Жәнібек, Айдархан суландыру жүйелері, Фурманов және Тайпақ топтастырылған су құбырларының құрылысы жүргізіліп, іске қосылды.
Облыс орталығы Орал қаласы үлкен құрылыс аймағына айналды. Қалада жылу элкетр орталығы, темір-бетон зауыты, үй-құрылысы комбинаты, нан зауыты және бірқатар көпір салынған.
Сондай-ақ республикалық дәрежеде өнім шығаратын «Омега» және «Метталист» зауыттары жұмыс жасады.
Сонымен қатар облыс көлемінде әлеуметтік нысандар мен еңбекшілерді тұрғын үймен қамтуда 88 мектеп, 94 балабақша, 125 сауда орындары, 26 асхана-кафе және 3 094 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылды.

Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале