2.03.2022, 16:59
Оқылды: 35

Батыс өңірлердегі 46 кәсіпорын жұмысшылары жалақының төмендігіне наразы – министрлік

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде еңбек дауларын жүйелі шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

fddc089014d29352a7594b39c96b5561_XL

Фотосурет: 24.kz

Серік Шәпкеновтің айтуынша, еңбек жанжалдарын шешуге кәсіподақтардың қатысуын көздейтін заң жобаларын әзірленбек.

«Бүгінде 66 кәсіпорын мониторингпен қамтылған. Жұмысшылардың жалақы мөлшеріне наразылығына байланысты тәуекелдер әлі де бар. Олар негізінен Маңғыстау (27 кәсіпорын), Атырау (12) және Батыс Қазақстан (7) облыстарында байқалады. Қазіргі уақытта тәуекел аймағында орналасқан 46 кәсіпорын бойынша қызметкерлер жалақыны көтеруді талап етуде», - деді ведомство басшысы.

Айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 3,1 млн адам 157 мың теңгеге дейін немесе «медианалық» деңгейден төмен жалақы алған.

«Еңбекақы мониторингісінің нәтижесінде біз әкімдіктерге 2,8 мың ірі кәсіпорынның тізімін жібердік Олармен кәсіподақтармен бірге жалақыны арттыруға байланысты жұмыс жүргізу қажет», – деді Серік Шәпкенов.

Министрдің айтуына қарағанда, бүгінгі таңда жалақы бойынша берешек 901 млн теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале