9.11.2025, 11:00
Оқылды: 66

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында «Үздік әдіскер» сайысының екінші кезеңі қорытындыланды

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында офицерлер мен сержанттар арасында өткен «Үздік әдіскер» сайысының екінші кезеңі өз мәресіне жетті.

45f36993-a2a4-4512-81a0-f75a7a5f2f25

Байқау барысында қатысушылар кәсіби дайындық деңгейін, әдістемелік шеберлігін және физикалық даярлығын кешенді сынақтар арқылы көрсетті. Әскери қызметшілер оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, әдістемелік сабақтар өткізу және жеке құрамның даярлығын арттыру бойынша тәжірибе алмасты.

dc5bd631-e7c5-4fbf-ad77-b7fd9e7e17e1

Қорытынды кезеңде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бекайдар Қазкеев үздік қатысушыларды марапаттап, кәсіби шеберліктері үшін алғыс білдірді. Жеңімпаздар ауыспалы кубок пен дипломдарға ие болды.

fd0337d6-46c8-425f-9143-62286cfb7b12

Сайыс нәтижесінде үздік танылған офицерлер мен сержанттар желтоқсан айында өтетін Ұлттық ұлан біріншілігінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале