Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 79 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара өз бастамасын «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Акбаров Нариман Алмабекұлын құттықтау сөзімен алды.
- Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отыра, еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық дендеріңізге саулық тілеймін. Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары болған сіздерге алғысымыз шексіз- деді полковник Нариман Акбаров.
Сонымен қатар шара барысында жауынгерлік қызмет барысында үздік деп танылған әскери қызметкерлерге мадақтамалар, алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
Сондай-ақ іс-шара аясында әскери бөлімнің кинолог мамандары қойылым көрсетіп, әскери оркестр сазды әуен шырқаған болатын. Мерекелік шара әскери қызметкерлердің салтанатты шеруімен өз жалғасын тапты.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының
баспасөз қызметі