6.04.2017, 19:53
Оқылды: 51

«Батыс Су Арнасы» ЖШС электролиз станциясын іске қосты

Бұл қала маңындағы Зашаған, Деркөл кенттерінің тұрғындарына санитарлық нормаға жауап беретін таза суды пайдалануға мүмкіндік берді. Яғни, Оралдың тағы да 50 мың тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізді. Бұл жөнінде «Батыс Су Арнасы» ЖШС-да өткен баспасөз мәслихатында аталмыш мекеменің басшылары мәлімдеді.

Мекеме басшыларының сөзінше, «Батыс Су Арнасы» ЖШС-дағы заманауи электролиз станциясында су енді қауіпсіз натрий гипохлоридіне көшу арқылы залалсыздандырылатын болды. Тазалаудың мұндай әдісі уақыт өте келе Оралдың жер асты су жинау және су тазарту құбырларына да пайдаланылатын болады.

-«Батыс Су Арнасы» ЖШС 2016 жылға дейін коммуналдық меншікте болды. Бір жыл бұрын кәсіпорын «Су ресурстары-Орал Маркетинг» ККЖ ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілді. Бұрынғыша қалалық әкімшіліктің қарамағында. Басқарушы компанияның міндеті - алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, өндірістік үрдістерді басқару және су арнасын пайдаға шығару. Компания өз жұмысы туралы есепті бақылау-тексеруші органдарға және әкімшілікке тұрақты тапсырып отырады және ашық жұмыс жасайды, - дейді «Су ресурстары-Орал Маркетинг» ККЖ ЖШС директоры Анатолий Прокудин.

Осы күні өткен баспасөз туры барысында кәсіпорын басшылары БАҚ өкілдерін мекеменің жұмыс барысымен таныстырды.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале