10.04.2024, 14:26
Оқылды: 48

"Батыс су арнасы" ЖШС хабарлайды: тексерілген ақпаратқа ғана сеніңіз

Бұл туралы бүгін ТЖ департаментінде өткен брифинггте "Батыс су арнасы" ЖШС бас директоры Ануар Аркенов айтты. 

259fea80-5955-4d1a-beea-aa1524fe2032

"Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде тараған салқын судың ластанғаны туралы мәліметтерге байланысты ақпарат береміз. Қазіргі уақытта су тазарту құрылғылары кешені қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Салқын су тарату желілеріне берілетін судың сапасы тұрақты бақылауда екенін хабарлаймыз. Суық суды тазалап, залалсыздандыруға қажетті химиялық заттардың 3 айлық қоры бар. Сонымен қатар, бұл ретте санитарлық-эпидемиологиялық қызмет біздің зертхананың жұмысын бақылайды. Суық сумен жабдықтаудың ықтимал нашарлауы немесе тоқтауы жағдайында қосымша ақпарат беріледі.

Орал қаласының тұрғындарын тексерілмеген ақпарат көздері таратқан ақпараттан үрейленбеуді, тек ресми ақпарат көздері берген хабарларға ғана сенуді сұраймыз. Су тасқынының қиын жағдайын ескере отырып, тұрғындар шаруашылық қажеттіліктеріне керекті су қорын жинап қоюлары керек", - деп мәлімдеді мекеме басшысы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале