19.02.2026, 11:45
Оқылды: 15

Батыс ұландары – республикалық біріншіліктің күміс жүлдегері атанды

15–18 ақпан күндері Павлодар қаласында волейболдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскерінің біріншілігі өтті. Дәстүрлі турнирге өңірлік қолбасшылықтардан жасақталған 7 команда, барлығы 70-ке жуық әскери қызметші қатысты.

WhatsApp Image 2026-02-19 at 12.13.00

Төрт күнге созылған додада алаңға шыққан әрбір команда жоғары дайындықпен келгенін көрсетті. Әсіресе шешуші кезеңдегі ойындар тартысқа толы болып, жанкүйерлерге нағыз спорттық мереке сыйлады.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығынан жасақталған команда жарыс барысында алты кездесу өткізіп, сенімді түрде финалға жолдама алды. Шешуші кездесуде олар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясы курсанттарымен бақ сынасты. Осы кездесуде қарсыластар басым түсіп, батыстық ұландар жарыстың күміс жүлдегері атанды.

WhatsApp Image 2026-02-19 at 12.13.06
Команда капитаны Арсен Төлешовтің айтуынша, бәсеке деңгейі жыл санап артып келеді.
– Жарыс өте тартысты өтті. Барлық командалар жоғары дайындықпен келген. Бұйырғаны – екінші орын. Осымен екінші жыл қатарынан күміс жүлдеге ие болып отырмыз. Келесі жылы дайындықты күшейтіп, бірінші орын алу үшін бар күш-жігерімізді саламыз, – деді ол.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале