24.10.2025, 19:00
Оқылды: 99

Батысқазақстандық 5 мұғалім «Үздік педагог – 2025» атанды

Астана қаласында «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда Батыс Қазақстан облысынан қатысқан 8 ұстаздың ішінен 5 педагог үздік деп танылды.

5d9ea057-315d-44a2-9a8b-a0e3c90ff951

Жеңімпаздар тізімі:

  • Ажкеева Гаухар Алтынбековна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-гимназия-интернаты
  • Әлмұқан Асқар Сатыбайұлы – Қазақстан тарихы пәні мұғалімі, №11 С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаты, Орал қаласы
  • Имашева Динара Иманбайқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, №11 С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаты, Орал қаласы
  • Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы – қосымша білім беру педагогі, Оқушылар сарайы, Орал қаласы
  • Сапашева Эльмира Ибрагимовна – тарих пәні мұғалімі, Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Шыңғырлау ауданы

Салтанатты жиында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарды құттықтап, оларға шығармашылық табыс пен кәсіби жетістік тіледі.

Жеңімпаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісі, сондай-ақ 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл байқау – педагог мәртебесін көтеріп, ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беретін маңызды жоба.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале