Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған «Былғары доп-Балдәурен» турнирінде Орал қаласы мектептерінің қос командасы чемпион атанды.
Алматы қаласында 3-4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған республикалық жарысқа облысымыздан үш команда аттанған болатын. Олар – Орал қаласы №17 ЖОББ мектептің, №42 «Ақ ниет» гмназиясының және Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінің командалары. Жарыс 25-29 мамыр аралығында өтуде.
Турнирде Орал қаласы №17 ЖОББ мектептің 3-сынып қыздар командасы І орын алды. №42 «Ақ ниет» гимназиясының 3-сынып ұлдар командасы да қарсыластарынан озып, І орынды иеленді.
Чемпион атанған қыздардың жетекшісі – Алексей Куденко, чемпион ұлдардың жаттықтырушысы – Руслан Темірболат.
Сондай-ақ осы жарыста Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінің 4-сынып ұлдар командасы да екінші орын алған. Жетекшілері – Қажет Жалитов.
Орал қаласының білім беру бөлімінің
баспасөз қызметі