Астана қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында батысқазақстандық спортшы Өнер Сейілхан 71 келі салмақта жеңімпаз атанды.
Сурет: instagram.com
Бұл туралы БҚО спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады,
Ол финалда Үндістанның Пряндшу атты спортшысымен шығып, төрешілердің бір ауыздан шешімімен 5:0 есебімен ұтты.
Жаттықтырушылары – Е.Киндихов, Б.Жарылқасын, Е.Нуриденов.
Чемпионды жерлестері және БҚО бокс федерациясының вице-президенті Аңсар Ибраев күтіп алып, ел алғысын жеткізді.
zhaikpress.kz