Батыс Қазақстан облыстық кардиологиялық орталығына ауыр халде жеткізілген пациентке дер кезінде облыстық кардиологиялық орталық дәрігерлері көмек көрсетті. Барлық қажетті зерттеу жүргізілгеннен кейін, пациентке электрокардиостимулятор орнатылды.

Фото: pixabay.com
– Мен өте ауыр халде түстім. Қазір жағдайым әлдеқайда жақсарды. Ота МӘМС есебінен тегін жасалды. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында өмірім сақталып қалды. Барлық медицина қызметкеріне шын жүректен алғыс айтамын, – деді пациент.
Облыстық кардиологиялық орталықтың кардиолог дәрігері Әсемгүл Байжиенованың айтуынша, ота мен медициналық көмектердің барлығы МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетілген.
– Мұндай операцияның құны шамамен 2 миллион теңге. Алайда МӘМС аясында пациенттер бұл көмекті ешқандай қосымша ақысыз ала алады. Бұл – медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам, – деді дәрігер.
Сымбат Қыпшақбай,
ӘМСҚ Батыс Қазақстан облыстық
филиалының бас сарапшысы