3.02.2021, 19:11
Оқылды: 6

Батысқазақстандық оқушы Қазақ-Британ техникалық университетінің грантын иеленді

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 8-9 қаңтар күндері мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатикадан XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізді.

145735529_795263624666107_8622374111525341417_n

Олимпиадаға Батыс Қазақстан облысы бойынша қатысқан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Алмаз Шынбай мен 10 сынып оқушысы Жамбыл Мақсотов информатика пәні бойынша күміс медаль, ал 10 сынып оқушысы Тимур Өксікбаев  физика пәні бойынша қола медаль иеленді.

XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпазы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алмаз Шынбайға (жетекшісі – Нұрлан Оразгелдиев) Қазақ-Британ техникалық университетінің грантының сертификаты берілді, «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламалары бойынша оқыту шығындары толық өтелетін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале