Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat республикалық бағдарламасы – қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептерінің оқушыларын іргелі, ұлттық оқу орны және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру. Бағдарламаға Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетел бастаушы жоғары оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау көрсету кіреді.
Биыл мамыр айының 7-11 аралығында Қапшағайда республикалық IQANAT олимпиадасы өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық оқушы қатысты. Білім додасына Батыс Қазақстан облысынан қатысқан 47 оқушының 12-сі жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтар болсақ, Батысқазақстандық 9 оқушы Бурабайдағы IQANAT мектебіне грант ұтып алса, 2 оқушы edu.iqanat.kz платформасындағы олимпиада жүлдегерлері атанып, ал 1 оқушы тіл мамандығы бойынша жеңімпаз атанды.
Грант ұтқан оқушылар қыркүйек айынан бастап Бурабайдағы IQANAT мектебінде білім алатын болады. Сонымен қатар облысымыздан 12 оқушы резервте тұр.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі