18.04.2025, 13:00
Оқылды: 1064

Батысқазақстандық оқушылар республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Батысқазақстандық оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

c8da4da2-bfef-46b2-b412-e07bb5bbb364

14-18 сәуір күндері Қызылорда қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиадаға өңірімізден Қазақстан тарихы пәні бойынша төрт, құқық негіздері пәні бойынша төрт оқушы қатысып, аймақ абыройын асқақтатты.

Құқық негіздерінен Ильнара Базарбай (Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы) және Шұғыла Мүтиғолла (С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы) І орын алып, алтын медальға ие болды.

Қазақстан тарихынан Орынбек Казиханов (Абай атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы) ІІ дәрежелі диплом мен күміс медаль иегері атанды.

Дәл осы пәннен Алуа Асхат (Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы)  пен Анастасия Золотарь (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №5 мектептің 11-сынып оқушысы) ІІІ дәрежелі диплом мен қола медаль алды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале