4.11.2020, 17:50
Оқылды: 45

Батысқазақстандық педагог-тренердің еңбегіне құрмет көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жетілдіру институтының аға оқытушысы, тренер Рысханым Бахтиярова отыз жылдан астам педагогика саласында сіңірген елеулі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Құрмет грамотасымен марапатталды.

пед 1

Педагог-тренер Рысханым Жолболсынқызының есімі Ақ Жайық өңріне жақсы таныс.

Педагогтің қызметін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие процесін басқару, жүргізу бойынша бірнеше мақалалардың, мектеп басшылары мен мұғалімдеріне арналған бірнеше әдістемелік құралдар мен жинақтардың, нұсқаулықтардың авторы.

гр

«Білім беру ұйымдарындағы мектепішілік менеджмент» (әдістемелік құрал), «12 жылдық білім беру жағдайындағы бейіналды дайындықты ұйымдастыру» (әдістемелік жинақ), «Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің қызметін ұйымдастыру» (әдістемелік құрал), «Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың ерекшеліктері» (әдістемелік жинақ) т.б.

Қазіргі  уақытта елімізде орын алған пандемия жағдайында қашықтықтан оқыту мәселесі бойынша білім саласындағы жаңа бастамаларды қолдап, облысымыздың педагогтеріне жаңа форматтағы заманауи бейне сабақтар дайындауда әдістемелік көмек көрсетіп, жетекшілік жасап келеді.

Сонымен қатар мұғалімдерге арналған бейнесабақтар құрастырып, оларды республика көлемінде таратуға қосқан үлесі зор.

 

Ертай Бимұханов,

           zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале