Жаңа ғана Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында ұшқыр бәйгеден 2 400 метр жеңімпаздары анықталды.
Сурет: Ұлттық спорт қауымдастығы
ҚР Туризм және спорт министрлігі «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жоғары жылдамдықтағы бәйгеде дөнендер 2 400 шақырымға шапты.
2 400 метрге шапқан сәйгүліктер арасында да алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді.
Мәре сызығын алғашқы болып «Берил Рэйсер» кесті, екінші орынды «Адай» иеленді. Ал үздік үштікті тиянақтаған – «Роузлайн».
Екінші келген Адай да – батысқазақстандық Тілек Мұқанбетқалиевтің жүйрігі. Жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев.