26.07.2025, 19:00
Оқылды: 250

Батысқазақстандық Жанерке Тудахунова - ел чемпионы

Павлодарда бас қосқан жас шаңғышылар ел чемпионатының жүлдесін сарапқа салып жатыр. Кім мықты, кім епті, кімнің шабысы шалт бәрі де осы сайыста көрінеді.

WhatsApp Image 2025-07-26 at 19.09.10

Чемпионаттың алғашқы күні қара жолды тіле жарысқан спортшылар кросс додасында кім мықтыны анықтады. Қорытындысында 2012-2013 жылғы ұлдар додасында Әлішер Мәліков – екінші. Одан сәл кейін келген Андрей Пирог үшінші орыннан көрінді. Қазақ даласының әр қиырынан келген шаңғышылар арасынан суырылып шыққан ақсайлық қос талант қайсарлық танытты десек артық айтқан емес.

Ал қыздар ше? Олар да қалысар емес. 2010-2011 жылғы арулар арасында Анастасия Соколова – қола жүлдеге ие болды.

WhatsApp Image 2025-07-26 at 19.09.29
Доданың екінші күні – еркін әдіс. Бұл сында тағы да Әлішер Мәліков екінші орынға табан тіреді.
Ал 2008-2009 жылғы қыздар жарысында Жанерке Тудахунова топ жарды.
Осы қарқыннан таймаса, Жанерке әлі талай жарыста жеңіс туын желбіретері сөзсіз.

WhatsApp Image 2025-07-26 at 19.02.42

– Анастасияға аздаған сәттілік жетіспеді. Бірақ алдымызда әлі екі жарыс күні бар. Балалардың қолынан бәрі келеді. Нәтижені жақсартамыз, – дейді бапкер Ислам Сағынәлиев.

Павлодардағы дола жай ғана жарыс емес. Бұл – болашақ чемпиондардың қысқы маусым алдындағы бір сынағы. Ендеше сәттілік!

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале