Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің «Үздік жас ғалымдар-2021» III Халықаралық кітап басылымы ТМД жас ғалымдарының ғылымы мен жеке жетістіктерін танымал етуге бағытталған бірегей жоба. Жоба жыл сайын Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы «Бөбек» қоғамдық қозғалысы қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылып келеді.
Таяуда ғана өткен жобаға халықаралық ынтымақтастық және ғылымды одан әрі интеграциялау аясында Беларусь, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінен әр түрлі саладағы проблемалар бойынша ғылыми әзірлемелерге әуес талантты жастар қатысты.
Сонымен қатар жобаға Батыс Қазақстан облысы бойынша 8 жас ғалым ғылыми мақаласын ұсынды.
- Нұр-Сұлтан қаласында өткен қорытынды конференцияның шешімімен Сырым ауданы Қособа мектеп-балабақша кешенінің директоры Жансұлтан Нұрмұханов «Таратылған көшбасшылықты түсіну: Қазақстан мектептері үшін салдары» атты ғылыми мақаласы және Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің оқытушысы Гүлдәурен Джубанышева «Еділбай тұқымды қойлардың бауыр массасының динамикасы» атты ғылыми мақаласы I дәрежелі дипломмен және «Үздік жас ғалым - 2021» Тәуелсіз мемлекеттер достастығы арнайы төсбелгісімен марапатталды, - дейді «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ресми өкілі Тасболат Серікқалиев.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz