Ақпанның 16-сы мен 23 аралығында Шымкент қаласында садақ атудан жастар және ересектер арасында жабық ғимаратта Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің 10 облысынан келген 270 спортшы қатысты. Өңір мергендері де аталмыш бәсекенің көркін қыздырып, тым тәуір нәтижеге қол жеткізді.

Алдымен ерлер арасында олимпиадалық айналым бойынша өткен садақшылар жарысында Әлихан Мустафин күміс жүлдегер атанса, дәл осы сайыстың әйелдер арасындағы жарысында Евангелина Ғазизова екінші, Анастасия Баннова үшінші орын иеленді. Ал жастар арасындағы классикалық садақ садақ тарту жарысында Диана Ғабдұшева күміспен күптелді. Командалық мix-те де жерге қаратпаған Әлихан Мұстафин Алихан мен Анастасия Баннова жұбы ел чемпионы атанды.

Одан бөлек компаунд садағын атуға дағдыланған жастар командасы да жақсы нәтиже көрсетті. Диана Ғабдұшева, Камилла Газизова және Жанель Шадьярова үштігі командалық сайыста ел біріншілігінің жеңімпазы атағына қол жеткізді. Ал классикалық садақ ататын облыстың әйелдер құрамасы командалық сында мықтылар қатарынан көріне білді. Анастасия Баннова, Алина Ілиясова, Евангелина Ғазизова үштігі ел чемпионатының күміс жүлдегері атанса, дәл осы сында өнер көрсеткен ерлер де күміспен күптелді. Бұл бәсекеде облыс намысын Сағадат Нұғман, Бауыржан Сатқан, Алихан Мұстафин сынды садақшылар қорғады.

Компаунд садағын ататын ерлер де ел чемпионатының жүлделерін сарапқа салды. Алдымен командалық бәсеке көркін қыздырған Константин Солодовников, Шамиль Сагутдинов және Артем Костин үштігі күміс жүлдеге қол жеткізсе, команда мix-та Диана Ғабдұшева мен Райымбек Жүсіпов жұбы қола медаль иегерлері атанды. Сондай-ақ М-4 жаттығуы бойынша сынған түскен Анастасия Баннова мен Әлихан Мұстафин қола Диана Ғабдұшева алтын жүлдеге қол жеткізді.
Осы ел чемпионатында тамаш нәтиже көрсеткен Диана Ғабдұшева ҚР халықаралық дәрежелі спорт шебері атанды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz