31.10.2022, 21:10
Оқылды: 89

Батысқазақстандықтар шорт-тректен әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Канаданың Монреаль қаласында өткен әлем кубогінің кезеңінде Қазақстанның ерлер командасының құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері өнер көрсетті.

InShot_20221031_205148614

Атап айтсақ, әскери бөлімнің мерзімдік әскери қызметкерлері қатардағы жауынгер Қажғали Нұртілек пен Әділ Галиахметов спорттық додада қарсыластарын қапы қалдырды. Команда сапында халықаралық дәрежедгі спорт шебері Абзал Ажғалиев, Денис Никиша бар.

Шорт-тректен әлем кубогының кезеңінде Қазақстан командасы ерлер эстафетасынан күміс жүлдегер атанды.

Спортшылар 5000 метрлік эстафетаға сайысқа түсіп 7:07.972 көрсеткішімен II орынды иеленді. Ал бірінші орынды оңтүстіккореялықтар жеңіп алды.

Бұл еліміз үшін көптен күткен жүлде. Соңғы рет ерлер эстафетасында осыдан бес жыл бұрын, яғни 2017 жылы әлем кубогінде қола медаль еншілеген еді. Айта кетейік жарысқа әлемнің 20 елінен 100-ге жуық спортшы қатысты.

Капитан Ертуған Әубакир

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале