18.01.2023, 16:30
Оқылды: 94

Батысқазақстандықтар соңғы бір айда Google-дан не іздеді?

Батысқазақстандықтардың соңғы бір айда «Google» іздеу жүйесінен ең көп іздеген ақпараттары белгілі болды. Біз Googlе Trends-тың талдауын қарап көрдік. Назарларыңызға өңір тұрғындары жиі іздеген ақпараттар рейтингін ұсынамыз.

InShot_20230118_155149808

Google-дан Батыс Қазақстанда ең жиі ізделген сайт bilimland.kz. Трендтегі «іздеуді» Мадина из ЕНУ,  nursabaq.com, жаңа жылға тақпақтар, onlinemektep.org тақырыптары жалғайды.

Ал лидерлер тізімінде:

  1. Ауа райы
  2. Kundelik.kz
  3. Онлайн аудармашы тұр.

Іздеу жолындағы тақырыптарға тоқталсақ:

  1. Метрикалық жүйе (год – Система мер)
  2. Қаңтар айы
  3. Жаңа жылға тақырып
  4. 2009 жылғы "Аватар" фильмі
  5. Kundelik.kz

Кинофильм санатында «Эмили в Париже» мен «Ходячие мертвецы» сериалдары көш басында тұр. Фильмдерден «Үйде жалғыз қалғанда – 2» және «Үйленген бойдақ» («Женатый холостяк») киносын өңір тұрғындары жиі іздепті.

Айта кетейік, қазақстандық «Үйленген бойдақ» фильмі өткен жылы қыркүйек айында прокатқа шыққан еді. Оқиға желісінде ХҚКО қызметкері қателесіп, мүлдем бейтаныс адамдарды үйлендіреді. Кинода тұрмысқа шыққалы жатқан мұғалім қыз Жібек және қарапайым жігіт Дәуреннің оқиғасы көрсетілген.

Жасөспірімдер қатты қызығатын аниме-манго санатында ең көп ізделгендер тізімінде jut.su аниме сайты бірінші орында тұр. Бұл көштен «Наруто» мен «Блич» анимесі қалыс қалмаған. Ал комикстен, «Человек паук» алдыңғы қатарда.

Сатып алу санатында тұрғындар теміржол билетін көп іздеген. Google-дың YouTube желісінде «Қызық премия – 2022», «Үйленген бойдақ» киносы, «Кот в сапогах – 2» мультфильмі, «Уэнздей» сериалы, «Ирония судьбы» фильмі көп ізделген бестікке кіреді.

Динара Насыр,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале