5.01.2026, 18:00
Оқылды: 32

Батыста күн жылып, шығыс пен солтүстікте аяз болады

6–8 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс бағыттан циклон ығыса отырып, жауын-шашынның кезекті толқынын алып келеді, - деп жазады Kazinform.

жп кыс орал 2025 (8)
Республикасының батысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде болжанады, көктайғақ болуы мүмкін. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, бұрқасын соғады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Ауа температурасының жоғарылауы батыс өңірлерде байқалады: түнде 5–16° аяздан 0–8° аязға дейін, күндіз 10° аяз – 3° жылыдан 3° аяз – 8° жылыға дейін көтеріледі.
Солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы төмендейді: түнде 3–16° аяздан 10–25° аязға дейін, күндіз 1–11° аяздан 5–15° аязға дейін.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді: түнде 1–16° аяз, күндіз 0–10° жылы, таулы аймақтарда түнде 0–10° аяз сақталады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале