2025 жылдың қазанында, ҚР Ұлттық Банк деректеріне сүйенсек, ЕДБ-ның тартылған теңгелік депозиттері бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 14,4%-дан 14,6%-ға дейін өсті.

Ғасыр басынан бергі ең жоғары деңгей тағы да жаңартылып, тағы да қолжетімді статистикадағы тарихи рекордқа бір қадам жақындай түстік (1996 жылдың желтоқсанында 16,7%). Қазан айында ең тартымдысы мерзімі 1 айдан 3 айға дейінгі сегмент болды. Мұнда көрсеткіш 16,5%-ға дейін жеткен (2000 жылдың қыркүйегінен бергі ең жоғары деңгей).
Ал корпоративтік депозиттер сегменті базалық мөлшерлеменің өсуіне тіпті қарқынды әсер етті: заңды тұлғаларға арналған орташа алынған мөлшерлеме 15,4%-дан бірден 16,3%-ға көтерілді. Бұл - соңғы он жылдағы, 2016 жылғы ақпаннан бергі, ең жоғары деңгей.
Ал несиенің жағдайы қалай?
Заңды тұлағалардың өсімі - 0,5 п.т., 19,7%-ға дейін
Жеке тұлғалардың өсімі - 21,5%-ға дейін, бірақ аса үлкен емес: екі таңбаға дейін жуықтап алғанда 0,04 п.т. Бұл көрсеткіш белгілі бір айдағы бөліп төлеу үлесіне де тәуелді.
Дереккөз: DataHub