Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны болған Бейбарыс туралы дерек өте көп. Сол деректерде жазылғандай оның қыпшақтан шыққаны руының беріш және хорезмдік бербенді қыпшақ екені айтылады.
Фото: baq.kz
Әкесі Жамақ, анасы Әйнек негізгі тегі ақсүйектен шыққан деген де жорамалдар бар. Оның құлдыққа түсуі туралы екі мәлімет тарихшылар арасында жиі жазылады.
Оның алғашқысы әскери жорық кезінде қолға түсуі, ал екіншісі, әкесінің жаулары бала Бейбарысты құлдыққа сатып жіберген деген болжамдар.
«Көптеген қиыншылықты бастан өткерген Бейбарыс 1260 жылы Мәмлүк елінің үшінші сұлтаны Күтіз қайтыс болғаннан кейін Мәмлүк мемлекетінің басына отырады. Бейбарыс өз заманында екі әлемдік жаушылықты бастан өткереді. Оның бірі «крестілер» жорығы болса, екіншісі «монғол» шапқыншылығы. Бейбарыс сол екі жорықта жеңімпаз болып жаушыларға тойтарыс берді», - дейді жылнама парақтары.
Ол Алтын Ордамен қарым-қатынас орнатуға ұмтылыс жасайды. Алайда екі жақты қатынастың жан-жақты өрбуіне ішкі бақталастық кедергі болып, соның салдарынан 1277 жылы Бейбарыс жеке уәзірі Қалауынның қолымен у беріп өлтіріледі.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz