Теннисші Бейбіт Жукаев Қазақстанның ұлттық құрамасының сапындағы алғашқы ойынын жеңіспен аяқтады. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
«Дэвис кубогы» бірінші әлемдік тобындағы Қазақстан мен Дания арасындағы матчтың қорытынды ойынында Жукаев Филипп Херттен 3:6, 6:4, 10:8 есебімен басым түсті.
Қазақстан мен Дания арасындағы қорытынды есеп қонақтар пайдасына 3:1 болды. Бұған дейін бүгін Александр Бублик пен Александр Недовесов екі сетте Август Хольмгрен/Йоханнес Ингилдьдсеннен 6:7 (8:10), 3:6 есебімен ұтылды.