13.10.2023, 12:45
Оқылды: 4

Бейбіт Жукаев Қытайдағы турнирде жарыстың 1-ракеткасын ұтты

Қазақстандықтар Бейбіт Жукаев пен Денис Евсеев Қытайдағы Шэньчжэн челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

beybit_zhukaev_kytay_1697101637

Фото: ktf.kz

Рейтингте 302-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 69-ыншы, жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Танаси Коккинакисті 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Бір сағат 13 минутқа созылған матчта Бейбіт 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 260-ракеткасы Денис Евсеев рейтингте 585-сатыдағы қытайлық Цуй Цзені жолдан тайдырды - 6:4, 6:0. Бір сағатқа созылған бәсеке барысында Денис 3 эйс, 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Жартылай финалға шығу үшін Жуқаев рейтингте 503-орындағы белоруссиялық Егор Герасимовпен, Евсеев әлемнің 146-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевичпен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале