18.11.2019, 10:21
Оқылды: 50

«Бейнежазба негізсіз айыпталудан қорғайды»

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет пен Nur Otan партиясының Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Нұрша ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің РУ 170/2 мекемесі ұжымымен кездесті.

P1170100

Кездесуде БҚО-дағы қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қатысты жемқорлық фактілері кеңірек әңгімеленді. БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәметтің айтуынша, соңғы бес жылда аталған жүйеде қызмет ететін 5 тұлға сотталған. Сондай-ақ 27 қылмыстық іс, 57 азаптау, жәбір көрсету дерегі тіркелген. Көптеген дерек негізсіз болып, іс жабылады екен. Сондықтан түрмелерде бейнекамералар санын арттыру, олардың сапасы, бейнежазбалардың сақталу мерзімін ұзарту мәселесі көтерілді. Бұл қандай да болсын тіркелген арызға қатысты тергеу жүргізілгенде дәлел болмақ. Бейнежазба жазасын өтеушіні де, түрме қызметкерін де негізсіз айыпталудан сақтап, құқығын қорғайды.

«Nur Otan партиясы қазір қайта жүктеу кезеңінде» дейді партияның Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Нұрша. Ол партияның жұмысындағы өзгерістерге, алға қайған басты міндет-мақсаттарына тоқталды.

P1170086

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале