6.02.2022, 9:01
Оқылды: 47

Бейжің-2022: Медальдар кестесінде Норвегия көш бастады

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы 5 ақпандағы медальдар есебі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220204202343687e

Қазақстандық спортшылар 5 ақпанда трамплиннен секіру, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, могул, шорт-трек секілді сайыс түрлерінен жарыс жолына шығады. Олардың барлығы жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ.

Әзірге әлемнің 13 елінен келген спортшылар жеңімпаздар тұғырында бой көрсетті. Олардың арасында 2 алтын медаль алған Норвегия құрамасы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындағы Словенияның 1 алтын, 1 қола жүлдесі бар. Ал Қытай, Нидерланды, Швеция құрамасы әзірге 1 алтын еншілеп үлгерді.

Токио Олимпиадасының 5 ақпандағы медаль алған ел құрамаларының кестесі төмендегіше:

1. Норвегия - 2-0-0

2. Словения- 1-0-1

3. Cловения - 1-0-0

3. Қытай - 1-0-0

3. Швеция - 1-0-0

6. Италия- 0-2-0

7. Канада - 0-1-1

7. Ресей - 0-1-1

9 Германия - 0-1-0

9. Франция- 0-1-0

11. Австрия - 0-0-1

11. Венгрия - 0-0-1

11. Жапония - 0-0-1

Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 87 жолдама бойынша сынға түседі.

Мамандардың айтуынша, қазақстандық спортшылар фристайл-могул, фристайл-акробатика, шорт-тректе жүлде қорын толықтыруы мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале