10.02.2022, 17:30
Оқылды: 47

Бейжің Олимпиадасында спортшы допинг күдігіне ілінді

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы оң допинг-сынама табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

220210153238435e

Халықаралық допинг тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметінше, ирандық тау шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің тесті оң нәтиже көрсеткен. Спортшының допинг сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиттері табылған.

36 жастағы шаңғышы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Иран құрамасынан ту ұстап шыққан болатын. Қазір ол жарысқа қатысудан уақытша шеттетілді. Савех-Шемшаки танымал спортшылардың бірі. Ол 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале