3.02.2022, 15:50
Оқылды: 39

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарын 150 мыңға жуық жанкүйер тамашалайды

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарын 150 мыңға жуық көрермен барады. Бұл туралы «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

C4916563-F421-414D-9C2D-D8015FA97670

Ұйымдастыру комитетінің мәлімдеуінше, жанкүйерлерге арналған орындардың жартысы оларға тиесілі. Көрермендер қатарына Қытайдың құрлықтық бөлігінде тұратын шетелдіктер, дипломатиялық миссиялар мүшелері мен маркетинг бойынша әріптестер, жергілікті тұрғындар, бастауыш және орта мектеп оқушылары кіреді.

Коронавирустың таралуының алдын алу және халықаралық спорт шарасының барлық қатысушыларының қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті бұдан бұрын Олимпиаданың шетелдік жанкүйерлерсіз өтетіні туралы шешім қабылдаған болатын.

Ұйымдастыру комитеті билеттерді сатылымнан алып тастап, олардың жергілікті жанкүйлерлер арасында бөлінетінін хабарлаған еді. XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале