Сіз осыдан екі ғасырдай уақыт бұрын ұлы даланың Ромеосы мен Джульеттасы атанған қазақтарды білесіз бе? Орыс жазушысы Владимир Даль 1833 жылы «Бекей мен Мәулен» атты повесть жазып, 1845 жылдары француз тілінде Парижде жариялаған екен. Ресейдің Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде «Старшын Есенгелді Жанмырзаұлының өз ұлы Бекейді өлтіргені туралы Орынбор Шекара комиссиясының төрағасының ұсынысы» атты іс сақтаулы тұр. 1831 жылы 24 қыркүйекте басталып, келер жылдың 2 наурызына дейін толтырылған шағын істе Бекей Есенгелдіұлының қазасы туралы бірнеше нұсқа, тергеу құжаттары тіркелген.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 9 сәуір күнгі №28 санынан танымал журналист Қазбек Құттымұратұлының «Бекейдің өлімі» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress