«Бекіре-2017» жедел алдын алу шарасы барысында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546-әскери бөлімнің жауынгерлері, кіші сержант Нұрболат Мағал, сержант Дайыржан Ілиясов жол-патрульдік қызметі қызметкерлерімен бірге Дамба-Атырау жолы бойында 27 жасар тұрғын айдап келе жатқан «Шевроле Aveo» автокөлігін тоқтатты.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, автокөліктен заңсыз ауланған 8 кг бекіре балығы табылып, тәркіленген.
Аталған дерек бойынша Д. деген азаматқа қатысты ҚР ҚК 196-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, бекіре аса бағалы және ерекше қорғалатын балық түрі болып табылады. Ол әрі «Қызыл кітапқа» енгізілген.
zhaikpress.kz