13.09.2025, 14:04
Оқылды: 966

Бекзат Мұсаев «Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындарының чемпионы атанды

Аударыспақ шеберлері ауыл спорт ойындарын сәтті бастады. 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бекзат Мұсаев қарсыластарының барлығын жеңіп, чемпион атанды.

05a48654-37f7-4ae2-8004-50fe0544b478

 

Бұл өңір спортшыларының додадағы екінші жүлдесі. Бұған дейін тағы бір аударыспақ спортының шебері Азат Қабылхайыр күміс медаль иегері атанған.
Айта кетейік «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарына еліміздің әр аймағынан келген 3000 астам спортшы қатысуда.
Жарыс қыркүйектің 21 күні аяқталады.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале