23.10.2017, 15:57
Оқылды: 42

Белгілі саясаткер апта соңына дейін оралдықтармен кездесулер өткізеді

Бүгін облыс әкімі А.Көлгінов Мемлекеттік сыйлықтың иегері, танымал саясаттанушы Дос Көшім мен ҚР Журналистер Одағының мүшесі, тіл жанашыры Абдрашит Абдрайымовпен кездесті.

Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының өңірлерде жүзеге асуы талқыланды. Әсіресе бағдарламаны тиісті деңгейде насихаттауда, түсіндіруде зиялы қауым өкілдерінің маңызы зор екені атап өтілді. Сондай-ақ латын әліпбиіне көшудің мәні мен маңызы туралы кеңінен әңгіме өрбіп, оның тәуелсіз Қазақстан үшін беретін мүмкіндіктері айтылды.

Өз кезегінде облыс әкімі А.Көлгінов: - Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы - ауқымды, терең жоба. Ол бізді біртұтас мемлекет ретінде беріктігімізді нығайта түсуге үндейді. Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу де болашақ ұрпақ үшін аса қажет екені анық. Бұл интеллектуал ұлт қалыптастыруды көздейтін еліміз үшін зор мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз. Жан-жақты, саналы ұрпақ тәрбиелеу - ортақ міндет. Бұл орайда сіздер секілді зиялы қауым өкілдерінің өңір жастарымен кездесуі ерекше маңызды" , деді.

Айта кету керек, белгілі саясаткер Дос Көшім апта соңына дейін оралдықтармен кездесулер өткізеді.

Рафхат Халелов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале