Белгісіз біреу Франкфурттан Оралға ұшып келген ұшақта жарылғыш зат болғанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18 қарашаға қараған түні оқырмандар Орал әуежайында полицейлер Франкфурт-Орал рейсінің жолаушыларын ұшақ бортында жарылғыш зат бар деген ақпараттан кейін тексергенін хабарлады.
Полиция департаменті ақпаратты растады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.