19.02.2022, 11:40
Оқылды: 40

Бельгия жағалауында «Юнис» дауылы соғып жатыр

Батыс Еуропа елдері қазіргі таңда күрделі метеожағдайға тап болып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

220218215833129e

Бельгия билігінің мәліметінше, жұма күні түстен кейін, әсіресе жағалаудағы аудандарда және Батыс Фландрияда қатты жел соғуы мүмкін.

Бельгия жағалауында желдің екпіні 130 км/сағаттан асады. Бельгия метеорологтары қазіргі «Юнис» дауылының соңғы 20 жыл ішіндегі ең күштісі екенін атап өтті.

Батыс Фландрияда пойыз қозғалысы сағат 14.00-ден бастап толықтай тоқтатылды.

Нидерландыда бейсенбі күні пойыз тоқтатылатыны жарияланды. Германияда бейсеньі күні хабарланған ауа райы қолайсыздығына байланысты пойыздар, әуе және су көліктері кешігір жатыр.

Фото:nachedeu.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале