13.06.2024, 17:32
Оқылды: 81

Белсенді бай Халық Машекенов туралы қандай деректер бар?

Батыс Қазақстан облысы бойынша 1928 жылдың 27 тамызындағы Үкімет қаулысымен тәркілеуге жатқызылған байлардың бірі – Халық Машекенов болатын.

жп дала

Архивтік құжатта оның жеке ісі туралы жазба былайша толтырылған: «Машекенов Халық – 40 жаста. Шалқар ауылы, Азғыр ауданы, Орал округі. Тәркілеу тізімінде. Бай тұқымы. Үйленген. 1916 жылғы патша жарлығын орындауға қатысқан. 50 жылқы, 250 ірі ара, 1 250 қой. Өте белсенді. Жергілікті халыққа ықпалы күшті» делінген.

Осылайша, Халық Машекеновтың мал-мүлкі тәркіленіп, ол отбасымен Қазақстаннан Ресейдің орталық бөлігіне жер аударылады.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz

(Байлар қалай тәркіленді, Орал, 2024 ж.)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале