7.11.2022, 15:00
Оқылды: 36

Bereke Bank бизнесті қаржыландыруды қайта бастады

 Банк мемлекеттік, сондай-ақ жеке бағдарламалары бойынша бизнесті қаржыландыруға өтінімдер қабылдайды.

221107144451339e

«Bereke Bank» АҚ (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрамына кіретін «Даму» Қорымен бірлесіп шағын және микробизнеске қолдау көрсетуді жалғастырады.

Кәсіпкерлік қызмет әр мемлекет үшін жоғары әлеуметтік және экономикалық маңызға ие. Коронавирус пандемиясы мен геосаяси жағдайлардан кейін бүкіл әлемде бизнесті қолдау, кәсіпорындарды дамыту мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Бұл тұрғыда негізгі фактор – қаржыландыру.

Қазақстандық кәсіпкерлер өзінің бизнесін дамыту үшін субсидиялар мен кепілдіктер түрінде тұрақты қолдауға ие бола алады. Ең алдымен, бұл – 2025 жылға дейін көзделген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның аясындағы бағдарламалар. Сонымен қатар Bereke Bank клиенттерге өзінің бірқатар бизнесті несиелендіру бағдарламалары аясында қаржыландыру қызметін ұсынады.

Бизнеске қолдау көрсету – біздің Банктің негізгі басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу әртүрлі саладағы кәсіпкерлерге кәсібін ілгері дөңгелетуге мол мүмкіндік береді. Біз «Даму» Қорымен 10 жылдан астам уақыт бойы серіктеспіз, осы уақыт аралығында банк шамамен 230 млрд теңгеге 3000-нан көп жобаны қаржыландырды және жалпы сомасы 670 млрд теңгеге 7300-ге жуық жобаға субсидия бөлді, соның арқасында көптеген отандық компаниялар өндірісін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашты және экономиканың дамуына өз үлестерін қосты. Біз шағын және микробизнесті қолдауды әрі ынталандыруды ары қарай да жалғастырамыз, - дейді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Тасқаранов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале