АҚШ президенті Джо Байден, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Италия премьер-министрі Марио Драги, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Олаф Шольц Украинадағы жағдайды талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Телефон арқылы сөйлескен ел басшылары Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Украинаға әскери, экономикалық және дипломатиялық қолдау көрсетуді жалғастыру ниеттерін мәлімдеді. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның кеңсесі мәлімдеді.
"Олар Украина басынан өткерген сұмдық жойылмайынша, Батыстың шешімін әлсіретуге болмайды деп келісті", - делінген хабарламада.
Бес мемлекет басшысы сондай-ақ, халықаралық энергетикалық архитектураны қайта құрылымдау және ресейлік көмірсутектерге тәуелділікті азайту үшін бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін талқылады.
Бұған дейін Еуропалық Одақ Украинаға басып кіруге қатысы бар ресейлік тұлғалар мен құрылымдарға қарсы төртінші санкция пакетін бекіткен болатын.