26.03.2024, 9:15
Оқылды: 77

Бес қазақстандық боксшы бакудегі турнирдің жартылай финалына өтті

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі жалғасып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстан сапынан бес боксшы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz

InShot_20240326_090507128

Фото: olympic.kz/kk

Атап айтар болса, Баку шаршы алаңында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Бекзат Таңатар (86 келі) және Сағындық Тоғамбай (92 келі) жеңіліссіз келеді.

Еске сала кетейік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан командасының төрт боксшысы қарсыластарға жол берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале