ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, кейінгі 5 жылда қаржы пирамидаларының үстінен 600-ден астам қылмыстық іс қозғалған.
«Құқық қорғау органдары қаржы алаяқтығына қатысы бар фактілерді анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп отыр.
Соңғы 5 жылда Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде 618 материал тіркелген.
2019 жылмен салыстырғанда былтыр осы санат бойынша тіркелген қылмыстар саны 7 есе өсті. Бұл қаржы пирамидаларының қызметін тоқтату бойынша жұмыстардың жанданғанын көрсетеді», - деп жазды Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында.
Оның мәліметі бойынша, биылғы 9 айда қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде қаржы пирамидалары бойынша 380 қылмыстық іс қаралған.
Оның ішінде 212 іс сотқа жолданса, 2 іс негіздеменің жоқтығынан қысқартылған.
Дереккөз inform.kz сайтынан алынды