Сондай-ақ алғаш рет ерекше балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін мемлекеттік тапсырыс енгізіледі.
- 50 мың балаға 1 ПМПК жаңа нормативін енгізу бойынша жұмысты бастадық. Осыған сәйкес 2022 жылы ерекше балалар үшін – 17 жаңа ПМПК ашылуы тиіс, - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.
Білім басшысы дарынды балаларды қолдау маңызды екенін атап өтті.
- Президенттің тиісті тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ-ны тапсырмай, жоғары оқу орындарына гранттар, сондай-ақ оларға және олардың педагогтеріне арнайы сыйақы беріледі, - деді ол.
BAQ.KZ