29.11.2024, 16:16
Оқылды: 10

Биатлон бойынша Әлем кубогы: Қазақстандықтар жеңіс тұғырына шыға ала ма?

Қараша айының соңы спорттық шараларға толы болмақ. Олардың бірі – Контиолахти қаласында (Финляндия) өтетін Әлем кубогының алғашқы кезеңі. Қазақстан құрамасы толыққанды дайындық өткізіп, әлемдік додада бақ сынауға дайын. Толығырақ ақпарат Olympic.kz материалында.

IMG_3532

Суреттер: Olympic.kz

Финляндияда ел намысын тоғыз спортшы қорғайды. Олардың барлығы дерлік халықаралық деңгейдегі, соның ішінде Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен спортшылар да бар. Құрамадағы басты өзгерістердің бірі – Вадим Куралестің жастар құрамасынан негізгі құрамға ауысуы.

Жасөспірімдер арасында Вадим жетекші орындардың бірінде тұр. Оның қоржынында IBU Junior Cup жарыстарында жеңіп алған бірнеше марапаты бар. Өткен жылы биатлоншы АҚШ-та өткен Универсиадада жеңімпаз атанып, жекелей сында алтын медаль иеленді. Енді ол жаңа деңгейге бейімделуі қажет.

«Бейімделу барысы жақсы өтіп жатыр. Кейбір кемшіліктерді ескермегенде, толықтай бейімделдім деуге де болады. Жалпы алғанда, бәрі жақсы.

Маусымдағы басты мақсат – IBU Кубогында үздік алты спортшының қатарына ену. Әрине, Азия ойындарында медаль жеңіп алу да басты міндеттердің бірі.

Дайындық жоғары деңгейде және кідіріссіз өтті. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр. Жазғы дайындық маусымының басынан бері айтарлықтай өзгеріс бар. Бұл қуантады. Дегенмен, мұнымен тоқтап қалмаймыз. Жұмысты жалғастырып, одан да үлкен нәтижелерді күтеміз», – дейді спортшы.

Егер Куралес құрамадағы атмосфера мен тыныс-тіршілікке бейімделіп үлгерсе, енді ол ересектер арасындағы жарыстардың жылдамдығы мен қарқынын сезінуі қажет.

Біздің құрама сапалы дайындық кезеңінен өтті. Қар үстіндегі жаттығулар артта қалды. Германиядағы оқу-жаттығу жиынында спортшылар қаруларын жетілдіріп, нысанаға дәл тигізу дағдыларын шыңдап, әр қару үшін ең тиімді оқ-дәрі жиынтығын анықтады.

Финляндиядағы Әлем кубогы команданың қазіргі деңгейі мен жағдайын көрсетіп, қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл Азия ойындарында ел намысын лайықты қорғау үшін маңызды қадам болмақ.

Биатлон – қысқы спорт түрлерінің бірі болғандықтан әдетте Азия құрамалары фаворит ретінде қарастырылмайды. Негізгі бәсеке көбінесе Еуропа командалары арасында өтеді. Дегенмен, жергілікті табыстар да болған. Мысалы, 2017 жылы Қазақстан аралас жеке эстафетада Әлем кубогының кезеңінде қола жүлде жеңіп алған еді. Ол кезде өзін Галина Вишневская-Шепоренко мен Максим Браун жақсы көрсете білді. Сондықтан біздің биатлоншылар тағы да жеңіс тұғырынан көрінеді деген болжам бар.

Шынын айтқанда, бұл мақсатқа жету өте қиын, бірақ мүмкін. Ең үлкен мүмкіндіктер, әрине, эстафеталық жарыстарда. Мұнда үздік ондыққа кірудің өзі тамаша жетістік болар еді.

Фавориттерге келсек, бірнеше маусым бойы бұл тізімде Норвегия, Италия, Франция, Швеция және тағы басқа мемлекеттер көш бастап тұр. Ерлер арасында Норвегиялық Йоханнес Бё әлі де ешкімге мүмкіндік бермей келе жатыр. Оны “Патша” деп атаудың да себебі бар. Жалпы, бүгінгі күні Норвегияның ерлер командасы әлемдегі ең мықты. Құрам мықты спортшылармен жасақталған. Медаль үшін Тарьей Бё, Стурла Легрейд, Ветле Шоста Кристиансен, Йоханнес Дале-Шевдал, Эндре Стрёмсхейм сынды спортшылар таласа алады.

Йоханнес Бёның гегемониясын тоқтатуға тырысатындардың қатарында француздар Эмильен Жаклен мен Кентен Фийон Майе бар. Эмильен бұған дейінгі жарыстарда Йоханнеске қарсы жоғары нәтижелер үшін таласуға қабілетті екенін көрсетті. Ал Кентен соңғы жылдары, әсіресе 2022 жылғы табысты маусымнан кейін, сәл артта қалғандай көрінді. Бірақ ол жіберген қателіктерді түзеуде үлкен жұмыс атқарды. Қазіргі таңда өзіне қажетті сенімділікті қайта тауып, жарыс жолына дайын. Одан жеңістерді күтуге болады.

Сондай-ақ, Себастьян Самуэльссонды (Швеция) ұмытпау керек. Ол Йоханнес Бёмен бәсекелестіктен ерекше шабыт алатын санаулы спортшылардың бірі. Оның басты артықшылығы – спринт. Сарапшылар оны бүкіл Әлем кубогының қорытындысы бойынша жеңіс тұғырына үміткер деп есептейді.

Фавориттер қатарында тағы бірқатар жаңа жұлдыздар да бар: италиялық Томмазо Джакомель және француз Эрик Перро. Бұл спортшылар да жоғары нәтижелер көрсетеді деп күтілуде.

Әйелдер арасындағы жарыста «Асылтас глобусына» талас «Бес мықтының күресі» деп аталды. Бұл сөз тіркесінде италиялық Лиза Витоцци, норвегиялық Ингрид Тандревольд, француз спортшылары Лу Жанмонно, Жюстин Брезаз-Буше және Жюлья Симон туралы сөз болып отыр. Сонымен қатар, неміс Франциска Пройс, швед апалы-сіңлілі Эльвира мен Ханна Эберг және басқа да спортшылардың жеңіске жетуге үлкен мүмкіндігі бар.

Маңызды жайт – Лиза Витоцци жарақатынан кейін қалпына келіп жатыр және Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысуы екіталай. Бұл маусым барысына айтарлықтай өзгерістер енгізуі мүмкін.

Жаңа маусымдағы Әлем кубогы қызықты өтеді деп күтілуде. Алдағы Азия ойындарын ескере отырып, біздің құрама сапынан жоғары нәтижелер күтеміз.

Айта кетейік, 30 қарашада екі эстафеталық жарыс өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале